Телеарна туралы

Эфир таралымы

 Кабельдік желіден эфирге шығады.

Эфир аудиториясы

 ● 3-12 жас аралығындағы балалар.

Эфир уақыты

 дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:30 – 21:30

сенбі, жексенбі күндері 08:00 – 21:30  

Эфир тілі

● Қазақ тілі

Мақсаты:

Біз - жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан «интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Балапан» телеарнасының алға қойған мақсаты - келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.