Эстония азаматы лотереядан миллион еуро ұтып алды

Эстония азаматы лотереядан миллион еуро ұтып алды


15:20, 7 қаңтар 2016
279 - рет қаралды

Эстония тұрғыны халықаралық Viking Lotto лотереясын ойнату барысында басты үш нөмірді дәл тауып, тарихта рекордтық сома 1 миллион еуро ұтып алды.



Бұл туралы Postimees хабарлады.


Eesti Loto мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, остондық азамат билетті интернет арқылы алған.  Ұтыс қорының 804 884,9 eвросы Эстония мен Норвегия азаматының арасында бөліске түсті. Ал, Эстонияда 2013 жылдың маусым айынан бастап Viking Lotto кепілдігі іске қосылған. Оның талаптары бойынша, джек-потты ұтып алған ел тұрғыны соманың қаншы екендігіне қарамастан миллион еуро алады.   


Лотереяны ұтып алған азаматтың аты-жөні тиісті талаптар бойынша аталмайды. Осыған дейінгі рекорд 2013 жылдың көктемінде орнатылған. Ол кезде ұтып алынған қаржының көлемі 768,7 мың еуроны құрады.


Eesti Loto мемлекеттік кәсіпорыны Эстонияда 1991 жылдан бастап жұмыс істейді және ол елдегі ірі лоторея ойындарын ұйымдастырушылардың бірі болып есептеледі. Оның билеттерін ел азаматтары да шетелдіктер де сатып ала алады.
 

 

  


Аймақ жаңалықтары