«Үздік әндерде» - Ескендір Хасанғалиевтің концерті

«Үздік әндерде» - Ескендір Хасанғалиевтің концерті


10:00, 6 ақпан 2016
160 - рет қаралды

Бүгін 20:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.



Композитор Ескендір Хасанғалиев нота мен фортепьяно дегенді 19 жасында бір-ақ көрген екен. Туған ауылында үш жылдай клуб меңгерушісі болған болашақ композитор 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның вокал-хор факультетіне оқуға түседі.

«Анаға сәлем» атты алғашқы әнін жазғанда Е.Хасанғалиевтің жасы 21-де болған. Одан кейін композиторды халыққа танытқан туындылары «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Асыл арман», халықтың әнұранына айналған «Атамекен» дүниеге келген.

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, және «Тарлан» сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтің әндерін бүгін 20:05-те «Үздік әндерден» тыңдай аласыздар.


Аймақ жаңалықтары