
Бүгiнгi таңда пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы жерлерiнiң бар болғаны 1 пайызы жеке меншiкте болса, қалғаны жалға берiлген. 57 млн 512 мың гектар жер шаруа қожалықтарының еншiсiнде, 40 млн 239 мың гектар жерді мемлекеттiк емес кәсiпорындар алып отыр. Мұндай деректерді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов келтірді.
Жиырма жылға дейiнгi мерзiмге жалға берiлген жер небары 10 пайыз. Ал 25 жылдан 49 жылға дейiн жалға берiлген жерлер 90 пайыз немесе 236 мың 771 жер учаскесi.
«Шетелдiктер және олармен бiрлескен кәсiпорындарға берiлген жер көлемi алғашқы кезде 65 мың гектар болған, ал ендi бүгiнгi таңда бұл жер көлемi одан да азайып отыр. Бұл жердiң 45 мың гектары заңды тұлғалардың, 2,4 мың гектары жеке тұлғалардың еншiсiнде.
Бұл 45 мың гектардың 32,6 мың гектары қайтарылды. Одан бөлек, 12,3 мың гектар кезiнде Малайзия. БАӘ, Ливан мемлекеттерiнiң өкiлдiктерiмен бiрге құрылған кәсiпорындардың еншiсiндегi жерлердi де сот қарап жатыр. Яғни, бұл жерлердi де қайтару жұмыстары жүрiп жатыр», - дейді А.Мырзахметов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтіп жатыр.