• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Б. Сағынтаев әлеуметтік желілерде жер мәселесін көтеріп жүргендерді сабырға шақырды

    Б. Сағынтаев әлеуметтік желілерде жер мәселесін көтеріп жүргендерді сабырға шақырды


    14:11, 28 мамыр 2016
    481 - рет қаралды



    Комиссиядан пікірлермен санаспай, ақылға салмай, сараптамай бірден шешім шығарыңдар деп талап ету қате түсінік. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында осы комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

    «Соңғы кездерде әлеуметтік желілерде бірқатар азаматтар біздің комиссияға қатысты пікірлерін айтып жатыр. Өткенде біз комиссияның құзыреттілігі қаншалықты екенін атап өткен болатынбыз. Дегенмен де кейбіреулер «жұмыс шешілмейді, ештеңе жасай алмайды, қажеті жоқ» деген ойларын таратуда.

    Біз жұмысымызды бастамай жатып, бізден үлкен шешім күтіп тұр. Менің ойымша, бұл біздің жұмысымызға кірбің келтіру, алдағы жұмысымызды арандату. Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасы бойынша бұл комиссия құрылды. Біздің жартыжылдық уақытымыз бар, осы мерзімде келіп түскен ұсыныстарды бір жүйеге келтіре отырып, Парламентке ұсыныс жасауымыз керек», - деп тоқталды Б. Сағынтаев.

    Оның сөзіне қарағанда,  сall-орталыққа, сайтқа мыңдаған хабарлар мен ұсыныстар келіп түсуде.

    «Менің атыма да күнделікті ұсыныстар жеткізілуде. Бұндай ұсыныстар осы комиссия мүшелерінің барлығына келіп жатыр деген ойдамын. Алайда, осы пікірлермен санаспай, ақылға салмай, сараптамай, бір жүйеге келтірместен бірден шешім шығарыңдар деген қате түсінік бар.

    Бұл - арандатушылық. Атқаратын жұмысымызды мақсатына жеткізбеу деп есептеймін. Сол себепті ол ағайындарға айтарым: осылай жүргенше, қайта біздің комиссияға келсін. Біздің есігіміз ашық, жария түрде жұмысымызды жүргізіп жатырмыз. Осында ұсыныстарыңызды айтыңыздар!», - деді комиссия төрағасы. 


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні