• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Жер реформасына қатысты қабылдау өткізді

    Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Жер реформасына қатысты қабылдау өткізді


    11:37, 24 мамыр 2016
    556 - рет қаралды

    Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған қабылдау кезінде облыс басшысы барлығы 27 азаматтың өтінішіне құлақ түрді.



    23 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Жер реформасына орай азаматтарды қабылдап, сауалдарына жауап берді.

    Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған қабылдау кезінде облыс басшысы барлығы 27 азаматтың өтінішіне құлақ түрді. Олардың басым көпшілігі - пәтер мен жер телімі кезегінде тұрғандар. Жер телімдері заңға сәйкес барлық инфрақұрылымы бар аумақтан берілуі керек болғандықтан, соңғы жылдары кезек жылжымай қалды.

    Қазіргі кезде Оралда 67 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр. Күні бүгін бұрын жер телімдері берілген шағын аудандарға коммуникациялық желілер тартылып, жағдай жасалуда. Мұндай желілер алдағы уақытта жаңа аудандарда тартылғаннан кейін жер телімдерін беру жалғасатын болады.

    Оралда пәтер кезегінде 15 мың адам тіркелген. Жыл сайын кезекте тұрғандарға пәтер беру көрсеткіші артып келеді. Мысалы, өткен жылы кезекте тұрған 480-нен астам адам пәтерге қол жеткізсе, биыл бұлардың саны 1 мыңнан аспақ.  

    Қоғамдық қабылдау барысында Жер реформасына қатысты пікір айтқан азаматтар облыстық қоғамдық кеңестің отырысына шақырылды.

    Мұндай қабылдау тұрақты болмақ. Айталық, сәрсенбі күні облыстық мәслихат ғимаратында және жұма күні Достық үйінде азаматтарды облыс әкімінің орынбасарлары қабылдайды. Қала, аудан әкімдері де бұдан қалыс қалмайды. 

    ҚазАқпарат


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні