• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Б.Сағынтаев: 21 мамыр күні Жер реформасына қатысты төрт жұмыс тобы және құрамы бекітіледі

    Б.Сағынтаев: 21 мамыр күні Жер реформасына қатысты төрт жұмыс тобы және құрамы бекітіледі


    10:06, 20 мамыр 2016
    566 - рет қаралды



    21 мамыр күні Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобының құрамы бекітіліп, басшылары тағайындалады.

    Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

    «Өткен сенбіде комиссия мүшелерінің тарапынан комиссия жұмысын бастаған соң, белгілі бір жұмыс топтарын құрып, әр жұмыс тобы өз бағытында жұмыс істесін деген ұсыныс айтылған еді. Сол ұсыныс қабылданып, қазір төрт топ құрылды. Бірінші жұмыс тобы - экономикалық, екіншісі - құқық саласын қамтитын, үшіншісі - рәсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету  тобы, төртінші жұмыс тобы -  комиссия шешімдерін түсіндіру мен ақпараттандыру тобы болады»,-деп хабарлады Б.Сағынтаев.

    Б.Сағынтаев түсіндіріп өткендей, Жер реформасы жөніндегі комиссияның штабы қазір комиссияға мүше әрбір адамның пікірін біліп, қай жұмыс тобында жұмыс істеуге ниеті бар екенін анықтап жатыр.

    «Келесі отырысымызда, яғни, осы сенбі, 21 мамыр күні төрт топтың құрамы мен топтардың жетекшілері бекітіледі»,-деп хабарлады Б.Сағынтаев.


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні