• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Жер реформасы жөнінде қоғамға ақпараттар дұрыс жеткізілмей жатыр - М.Әбенов

    Жер реформасы жөнінде қоғамға ақпараттар дұрыс жеткізілмей жатыр - М.Әбенов


    16:16, 28 мамыр 2016
    522 - рет қаралды



    Жер реформасы жөнінде қоғамға ақпараттар дұрыс жеткізілмей жатыр. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның үшінші отырысында Ақпараттық түсіндіру жұмыс тобының жетекшісі Мұрат Әбенов осылай мәлім етті.

    «Біздің азаматтарымыздв көбірек толғандыратыны шетелдіктерге жер сату мен жалға беру ғана секілді. Алайда, жер реформасына қатысты Қазақстан азаматтарына жер беру, оны тиімді пайдалану мәселесі де, қолжетімділігін іске асыру мәселесі де әзірше талқыланып жатқан жоқ.

    Сонымен қатар, жалпы жер реформасына қатысты айтар болсақ, әзірше қоғамда бұл туралы ақпарат дұрыс жетпей жатыр деп мәлімдей аламыз», деді М. Әбенов.

    Оның айтуына қарағанда, ақпарат халыққа жетімді болуы үшін өңірлерге көшпелі отырыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл ретте жұмыс тобының жетекшісі комиссия елге барар алдында халық тарапынан көтеріліп жүрген сұрақтарға нақты жауап беруге де әзір болуы керектігін, ол үшін мемлекеттік органдар көтерілген сұрақтар туралы толық ақпарат ұсынуы керектігін атап өтті.

    «Сондықтан да, талдаулар бойынша комиссия мүшелеріне толық ақпараттар берілуі керек. Бұдан бөлек, БАҚ қатысты ұсыныстар болды. Жер кодексінің позициясын ғана емес, басқа да ақпараттар баспасөзде беріліп тұруы керек. Комиссия мүшесі БАҚ шығамын десе, өз ойымды толық жеткіземін десе, оған мүмкіндік берілуі керек», деді М. Әбенов.   


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні