• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Жер реформасы жөніндегі комиссия келесі аптадан бастап өңірлерде көшпелі отырыс өткізеді - Б. Сағынтаев

    Жер реформасы жөніндегі комиссия келесі аптадан бастап өңірлерде көшпелі отырыс өткізеді - Б. Сағынтаев


    16:30, 28 мамыр 2016
    545 - рет қаралды



    Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның үшінші отырысы болып өтті. Комиссия шешімімен келесі көшпелі отырыс Ақмола облысында өтетін болып белгіленді.

    «Бір қуантарлығы, комиссия барысында айтылған ортақ ойдың түйіні бір ғана мәселеге саяды - бұл елдің бірлігі, тұтастығы мен татулығы. Осыны әрдайым естен шығармайық. Қандай талас болса да, оның ақыры неге апаратынын өзіміз біліп отыруға тиіспіз», деді жиынды қорытындылаған Үкімет басшысының орынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев.

    Оның айтуынша, ендігі өзекті мәселе жергілікті халықтың пікірін біліп, тілдесу үшін өңірлерге сапар жасау. «Біз осы сапарға облыс әкімдерін шақырайық дедік. Кейбіреулер Премьер-министрді шақырту туралы ұсыныс жасап жатыр. Өстіп жүріп не үшін жиналғанымызды ұмытып қалатын секілдіміз.

    Бара-бара Елбасын шақырайық деуіміз мүмкін. Сондықтан да, комиссияның жұмысы биліктегілердің есебін тыңдау емес, жер реформасына қатысты барлық тараптың пікірін тыңдап, соны талдап, Парламентке ұсыныс өткізу», деді Б.Сағынтаев.

    Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы келесі аптада көшпелі отырыстың Ақмола облысында өткізілетінін жеткізіп, ол бойынша тізім жасалатынын атап өтті. «Мүмкін отырысты жалғыз Көкшетауда емес, Шортандыда, Ерейментауда да өткізген дұрыс шығар. Бәлкім ол үшін бөлініп кездесерміз. Ең бастысы халық пікірін жинақтайық», - деді комиссия жетекшісі.   


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні