• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Жер реформасын талқылау бойынша аймақтарда да қарқынды жұмыстар басталды - Б. Сағынтаев

    Жер реформасын талқылау бойынша аймақтарда да қарқынды жұмыстар басталды - Б. Сағынтаев


    13:59, 28 мамыр 2016
    674 - рет қаралды



    Жергілікті жердегі қоғамдық кеңестің мүшелерімен тығыз байланыс орнатылды. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында осы комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

    «Өткенде ақылдаса отырып, төрт жұмыс тобын құрдық, оның жетекшілерін бекіттік. Ол азаматтар өздеріңізбен бірге бір аптаның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы штабпен бірлесе отырып, өздерінің жұмыстарын жүргізді. Соған байланысты аталған жұмыс тобы жетекшілері отырыста қысқаша түрде мәліметтер береді»,-деді Б. Сағынтаев.

    Оның сөзіне қарағанда, штабтың жұмысы бойынша бірнеше отырыстар өткізілді. Жергілікті жердегі қоғамдық кеңестің мүшелерімен тығыз байланыс орнатылды.

    «Осы аптаның басында облыс әкімдерінің орынбасарлары Астанаға келіп, кездесу өткізілді. Бұл тұрғыда біздің сall-орталықтың, штабтың, хатшылықтың жұмысын қалай жүргізу жөнінде ұсыныстарды қарастырдық. Яғни, бүгінде аймақтарда да қарқынды жұмыстар басталды»,-деді комиссия төрағасы.

    Айта кетейік, Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті үшінші отырысында негізгі тақырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру немесе бермеу мәселесін талқылауға арналып отыр.


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні