• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Жер тағдырын шулы митингтер арқылы шешуге болмайды - М. Құл-Мұхаммед

    Жер тағдырын шулы митингтер арқылы шешуге болмайды - М. Құл-Мұхаммед


    14:43, 24 мамыр 2016
    507 - рет қаралды



    Жер тағдырын шулы митингтер арқылы шешуге болмайды.  Бүгін Астанадағы Ұлттық   кітапханада өткен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлімдеді.

    «Жер секілді киелі мәселенің тағдыры шулы митингтерде емес, осындай басқосуларда, ашық алаңдарда, анық әңгімелерде, салмақты талқылауларда шешілуі керек. Сол себептен де барлықтарыңызды «Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалицияның отырысына шақырып отырмыз», - деді М. Құл-Мұхаммед.

    Оның айтуынша, Жер мәселесін талқылайтын республикалық комиссияның екі отырысы өтіп, ашық талқылаулар арқылы көптеген мәселелер халыққа тікелей жетіп жатыр. Әрбір облыстарда Қоғамдық кеңестер құрылған, оған барлық мүдде білдірушілер, қызығушылық танытушылар, сөйлеймін, пікір айтамын деушілер қатыса алады.

    «Мемлекет басшысы миллиондаған адамдардың тағдырына әсер ететін заңнамаларды бұқаралық ашық алаңдарда, барлық өңірлерде талқылау туралы тапсырма бергені баршаңызға мәлім. Кез келген азамат осында келіп, пікірін айта алады. Біз де осы дәстүрді жалғастырып, осы мәселені ашық талқылауға жиналып отырмыз», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары.


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні