
Жерді сатып алғандар оны қайтадан шетелдіктерге сатып жібере алмайды. Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай мәлімдеді.
«Бұл мәселе өткенде де айтылды. Сатып алғандар жерді екінші қайтара сатып жіберуі, оның ішінде шетелдіктерге сатып жіберуі мүмкін деген қауіптер айтылды. Ондай ешқандай да мүмкіндік жоқ. Қазақстан азаматы, еліміздің заңды тұлғасы жерді жекеменшікке сатып алғаннан соң, ол жер шетелдікке сатылмайды. Ол мүмкін емес, тыйым салынған бұған. Мәселен, нотариаттарға да ондай құжаттарды рәсімдеуге тыйым салынған», деді А. Мырзахметов.