• Негізгі
  • Портал
  • Жер туралы

  • Жердің меншіктік мәселесіне жіті назар аударуға тиіспіз - М.Жолдасбеков

    Жердің меншіктік мәселесіне жіті назар аударуға тиіспіз - М.Жолдасбеков


    16:01, 28 мамыр 2016
    510 - рет қаралды



    Жердің меншіктік мәселесіне жіті назар аударуға тиіспіз. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның үшінші отырысында Мырзатай Жолдасбеков өзінің пікірін осылай жеткізді.

    «Маркс жақсы айтқан еді: «Жер - тауар емес» деп. Шынында да солай, жер тауар емес. Біз осы қағидатты ұстануға тиіспіз. Жұрттың бәрі солай айтып жатыр, сатылмасын деп. Дегенмен, жердің меншіктік мәселесіне жіті назар аударуға тиіспіз», - деді комиссия мүшесі. Оның айтуынша, бұрыннан қазақта жер меншігі деген болған, дәстүрмен сіңген.

    «Қарапайым халық жерге қатысты заңнан қорқып отырған жоқ, жер төңірегіндегі заңсыздықтан қорқып отыр. Опық жеп қалды. Сатылса баяғы байығандар алады деп ойлайды. Бұндай қорқыныш та бекер емес. Екіншіден, біз халықтың арасындағы түсініспеушілікті ушықтырмауымыз керек. Бұған жіті қарауға тиіспіз», - деді М. Жолдасбеков.


    Аймақ жаңалықтары

    Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні