
ХХ ғасырдың алғашқы тоқсанында саяси қызмет атқарған Мұстафа Шоқай өмірі мен тағдыры туралы тарихи туынды.
Фильмде елінің азаттығын аңсаған азамат Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскен кезде көрген қиыншылықтары айқын көрініс тапқан.
Режиссер Сатыбалды Нарымбетов туындысында басты рөлдерді Азиз Бейшеналиев, Карина Абдуллина сомдайды. Тарихи драманы бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:30-да көре аласыздар.