Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Жасандылықтан алшақ ашық әңгіме құрылады.
Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді.
Бағдарлама мақсаты - көрермендердің қызықты мәліметтерге қанығып, демалыс күнін сәтті бастауына жол ашу.
Өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген елімізге және шетелдерге танымал тұлғалардың өміріне арналады.
Бағдарлама қонақтары - қарапайым азаматтар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және құзырлы мекемелердің өкілдері.
«Алаш алыптары» деректі фильмдер топтамасы ел тарихында өшпестей із қадырған халқымыздың біртуар азаматтары жайында сыр шертеді.
Бағдарламада өзекті мәселелер, көкейкесті тақырыптар таңдалып, көрерменге жіті түсіндіріледі.
Ауыл шаруашылығы саласының тыныс-тіршілігі, жаңалықтары, инновациялық жобалары, мемлекеттің шаруаларға берген несиелерінің нәтижелері, саланың өзекті мәселелері туралы жоба.
Қазақстанның Қарулы күштеріне биыл - 20 жыл.
«Аpta.kz» бағдарламасы - еліміз бен әлемде бір апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларға және мәдени-рухани кеңістіктегі оқиғаларға талдау жасайды.
Бағдарламада Қазақстандағы этнос өкілдерінің асханасымен таныстырылады
Мақсат - көрермендерді тың, әрі танымдық ақпаратпен құлақтандырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
«Алаң» бағдарламасы бүгінгі қоғамдық (саяси, әлеуметтік, қаржылық, экономикалық) мәселелерді лауазымды тұлғалармен ашық талқылап, шешу жолдарын көрерменмен бірге іздейтін ток-шоу.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - медицина саласын мейлінше ауқымды көрсету, сонымен қатар көрермендер мен дәрігерлер арасында дәнекер болу.
«Еркетай» бағдарламасы 3-13 жас аралығындағы балабақша мен мектеп оқушыларына арналған. Бағдарлама күн сайын жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарын әңгімелейтін қызықты тақырыптардан тұрады.
Бағдарлама дәстүрлі Исламды халқымыздың салтымен, әдет-ғұрпымен байланыстыра насихаттау және осы тұрғыда қалыптасып отырған түрлі көзқарастарды сараптау мәселесін көтереді.
«Келбет» бағдарламасының мақсаты - өмірі өнегелі, келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырған, аты аңызға айналған азаматтарды ұлықтау.
Францияның бұрынғы президенті Шарль де Гольдің идеясымен дүниеге келген бағдарламада әр елден келген саңылақтар өзара күш сынасады.
Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрерменге жеткізу.
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі - көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру.
Қазақстанда болып жатқан процестермен халықты және әлемдік қоғамды объективті ақпараттандыру. Көпұлтты Қазақстан халқы - бұл процестердің белсенді қатысушылары.
Арнайы хабарлар
«Жарқын бейне» - өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырған, аты аңызға айналаған азаматтарды еске алу бағдарламасы.
Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.
Құқық бұзушылықтың жеке фактісі арқылы заңды кімнің, қалай, қандай жағдайда бұзып жатқанын көрсете отырып заң бұзушының, немесе қылмыскердің құрықталып, заң жолымен жауапқа тартылатындығын көрсету.
Мемлекет және қоғам қайраткерлері аптаның маңызды оқиғаларын талқыға салады.
Хабар барысында Қазақстан мен шетелде болып жатқан күннің ең маңызды, ең қызық оқиғалары ұсынылады.
Бағдарлама мақсаты - хабар кейіпкерлері негізінде қоғамдық пікір қалыптастыру, қазақ зиялыларының азаматтық пікірі мен көзқарасын ашып көрсету. Әр саланың көрнекті тұлғалары арқылы қоғам ахуалын бағамдау.
Мемлекеттік жастар саясатын басты назарға ұстай отырып, еңбек пен табандылықты, ұлттық құндылықтарды және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайды.
Парламент қабырғасындағы соңғы жаңалықтардан хабардар ететін бағдарлама. Халық қалаулылары көтеретін өзекті мәселелер, оны шешуге арналған түрлі ұсыныстар, жаңа бастамалар мен министрлерге жолданатын сауалдар және оған жауаптар.
Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық – мұның бәрі «Таңшолпанда».
Бағдарламаның мақсаты - халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ел болашағы мен адами құндылықтарға қатысты ой тастау.
Сазды жоба
Бағдарлама мақсаты - еңбек адамының мәртебесін көтеру, көрермендердің кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру.
Түбі бір түркі елдерінің тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді.
Бағдарлама сату, сатып алу, қаржы табу көздері, айырбас, несие және бизнес саласындағы халық көкейіндегі сауалдарға жауап береді.
Танымдық хабар.
«Білгірлер бәйгесі» ойыны - командалық сайыс. Оған мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, қауымдастық мүшелері мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері шақырылады.