Айгөлек - 2015

Жоба жетекшісі: Ләйлә Сұлтанқызы

Продюсерлері: Гүлзат Алтынбекқызы, Ғалия Байбосынова

Өндіруші компания: «Жаңа арна media group»

Шеф редакторы:

Бас режиссері: Қарлығаш Әбдібаева

Редакторы: Г.Шахтерқызы

Жүргізушілері: Әмина Ауталиф, Ақбота Сманова, Ақсұлтан Бақытқазы, Әмір Қайсар

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: жексенбі сағат 12:05

Ұзақтығы: 60 минут

Жиілігі: аптасына 1 рет

Жанры: танымдық-музыкалық

Байланыс телефоны: 8 (727) 293 77 22 (Алматы)

Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

Биылғы маусымның ерекшелігі - енді балалар сайысқа түспейді. Тек өнерлерін ортаға салады.

Сазды жобада «Айгөлек» жеңімпаздары мен  түрлі халықаралық байқаулардан үздік шыққан балалар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, балақайлар  эстрада жұлдыздарымен бірге ән салады.

5 жылдан бері барша көрерменнің көзайымына айналған бұл жобаның мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, шығармашылығының дамуына атсалысу.

Жаңа маусымда  бағдарламаның әр саны белгілі бір тақырыпқа арналады. Әсем ән баланың бойында отансүйгіштік мінез қалыптастырып, елі мен жері, ұстаздарына деген құрметін арттырады.

«Айгөлекте» өнер көрсеткен балаларға қарап, көрермен бүлдіршіндердің өнерге, дәстүрлі әнге, ұлттық аспаптарға, би өнеріне деген қызығушылығы оянады. 

 

 

Өзге де бағдарламалар

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні