
ШБ жетекшісі: Ш.Ықсанғалиева
Продюсері: Илхам Джалилов (аутс.)
Өндіруші компания: «Мастер фильм» ЖШС
Редакторы: Жанар Айлашова
Қоюшы режиссері: Гүлнар Мейірбекова
Жүргізушісі: Құрманәлі Қалмахан
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі, 12:30
Ұзақтығы: 30 мин
Жиілігі: апталық
Жанры: ток-шоу (телеемхана)
Байланыс телефоны: 8 (727) 2 67 64 50
E-mail: info@kaztrk.kz
Жүргізуші студияға тұрақты немесе кезекті сарапшыны шақырады. Ол дидактикалық материал негізінде емдеудің дәстүрлі әдістері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді.
Бағдарламаның екінші бөлімінде сарапшы ауруды емдеудің әдіс-тәсілдері, сондай-ақ, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, күн тәртібін дұрыс белгілеу, т.б. алдын алу шаралары жайлы әңгімелейді. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, студиядағы көрермендерді әңгімеге тартады.
Бағдарламаның үшінші бөлімінде жүргізуші көрермендерді ортаға шақырады. Олар нақты бір кеселді емдеудегі өздері қолданған халықтық ем түрі жайлы айтады. Ал, дәрігер сол емдеу әдісіне баға береді. Қандай да бір ем түріне қатысты өз пікірін айтады.
Төртінші бөлімде студияда отырған сарапшылар сырқаттарды емдеуде қолданылып жүрген жаңа технологияларды талқылайды. Сондай-ақ, Қазақстандағы медициналық орталықтарда бар жаңа құрылғылар туралы сөз етеді.