
Редакциясы: Бағдарламалар өндірісі шығармашылық бірлестігі
ШБ жетекшісі: Шынар Ықсанғалиева
Продюсері: Танакөз Толқынқызы
Редакторы: Махамбет Бейбітшілікұлы, Танакөз Толқынқызы
Қоюшы режиссері: Нұрбол Бердімұрат, Серік Ибрайым.
Режиссердің ассистенті: Әйгерім Ағымбетова
Әкімші: Замира Шабай
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сенбі, 12:20
Қайталанатын уақыты: бейсенбі, 01:30
Ұзақтығы: 26 минут
Жиілігі: аптасына 1 рет
Жанры: әдеби-танымдық
Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55 34 07
Е-mail: info@kaztrk.kz
«Поэзия әлемі» - бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері және олардың поэзиясымен таныстыратын эксклюзивті жоба.
Жобаның мақсаты - поэзияны жаңа қырынан, жаңа форматта таныту, поэзияны оқуда биік талғам қалыптастыру, ағартушылық бағытында жұмыс жасау, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген жаңа есімдерді анықтау.
Сонымен қатар, жеке ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару және оның өміріндегі ең қызықты немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез құлқы мен болмысын ашып көрсету.
«Поэзия әлемі» бағдарламасының өзге әдеби танымдық бағдарламалардан ерекшелігі - жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсіреді.